Есірткі сату күдігімен астаналық жастар СҚО-да ұсталды
https://youtube.com/shorts/thPsmBPyfnc?feature=share
Петропавл қаласының орталығында полиция қызметкерлері Астанадан келген 18 жастағы жігіт пен 17 жастағы қызды ұстады. Тінту барысында тәртіп сақшылары олардың жанынан изолентамен оралған, ұнтақ тәрізді зат салынған 3 түйіншек тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы 84 грамнан асатын «α-PvP» атауымен белгілі синтетикалық психотроптық зат. Күдіктілерге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жігіт қамауға алынды, ал оның серіктесіне “келу туралы міндеттеме” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы соңғы кезде СҚО тұрғындары "жасырушы" бойынша қылмыстық істерде сирек кездесетінін атап өтті. Жыл басынан бері облыста тәртіп сақшылары 56 "жасырушыны” ұстады, оның 40-ы қаладан тыс жердікі. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылатын «жеңіл табыс» уәделеріне алданып қалмауды қатаң ескертеді. Есірткі айналымы арналарының жолын кесу — полицияның негізгі міндеттерінің бірі.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
