СҚО-да полицейлер студенттерге интернет-алаяқтық туралы заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді

СҚО-да полицейлер студенттерге интернет-алаяқтық туралы заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді

Интернет-алаяқтыққа қатысқандар қандай жауапкершілікке тартылады? Осы және басқа да маңызды мәліметтерді Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері өткен семинар барысында білді. Жиынға СҚО ПД киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, банк секторының өкілдері және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары қатысты.

Аудиторияда — 1-2 курс оқитын шамамен 300 студент. Қонақтар қылмыскерлер қолданатын негізгі схемалар мен заманауи технологиялар жайында айтты. Полицейлер түсіндіргендей, 16 қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексіне жәбірленушілерден түскен ақшаны алаяқтарға жеткізу үшін өз төлем құралдарын пайдалануға беруді — яғни дропперлікті — қылмыстық жауапкершілікке тарту нормасы енгізілді.

Интернет-алаяқтар дроптарды көбіне әлеуметтік желілер арқылы тартады. «Жеңіл табыс» уәдесіне әсіресе студенттер жиі алданып жатады. Бұған дейін дропперлер тек азаматтық тәртіпте ғана жауапқа тартылатын. Енді мұндай іс-әрекет қашықтан жасалатын алаяқтыққа қатысудың қылмыстық түрі болып саналады. ҚР ҚК-нің 232-1-бабына сәйкес, ол үшін ірі айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

СҚУ студенттермен жұмыс департаментінің қызметкері Игорь Семёнов мұндай шаралардың жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Интернет-алаяқтықтың алдын алу — «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында полицияның негізгі міндеттерінің бірі.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.