СҚО-да курорт аймағы қонақтарының қауіпсіздігін туристік полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде

СҚО-да курорт аймағы қонақтарының қауіпсіздігін туристік полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде

Шілде айының ортасынан бастап СҚО-дағы туристер көп шоғырланатын Имантау-Шалқар курорт аймағында қоғамдық тәртіпті сақтауды туристік полиция қызметкерлері жүзеге асырып келеді. 

Айыртау ауданы аумағында орналасқан Имантау-Шалқар курорт аймағында 48 демалыс орны, 3 балалар сауықтыру орталығы бар, сондай-ақ демалушыларға 516 үй жалға беріледі. 

«Имантау» және «Шалқар» демалыс аймақтарына әрқайсысына 4 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Сонымен қатар, туристер легінің артуына байланысты өткен айда Айыртау аудандық полиция бөлімінің штаттық құрамына туристік полиция қызметінің 2 инспекторы қосылды. 

Олар қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін меңгерген. Шетелдік туристерге Қазақстан Республикасында болу ережелерін түсіндіреді, туризм нысандары әкімшілігімен тығыз байланыс орнатып, оқиғалардың алдын алуға және туындаған жағдайларға жедел әрекет етуге ықпал етеді. 

Негізгі міндеттері – туристердің, соның ішінде шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға қатысты құқықбұзушылықтарға жол бермеу, курорт аймақтарын тұрақты патрульдеу. 

Курорт аймағын толық қамту үшін 8 патрульдеу бағыты әзірленген, оның 6-уы жаяу, 2-уі автокөлікпен жүзеге асырылады. Патрульдеуге учаскелік инспекторлармен бірге полицияның өзге де қызметкерлері тартылады. 

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында полицейлердің басты міндеті – өңір тұрғындары мен қонақтарының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.