Сол сәтінде ұсталды: СҚО ауылында синтетикалық есірткіні таратушы қолға түсті

Сол сәтінде ұсталды: СҚО ауылында синтетикалық есірткіні таратушы қолға түсті

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында полицейлер 28 жастағы жергілікті тұрғынның бір ауыл аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқанын анықтады. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында күдікті 1 грамм «спайс» сатпақ болған кезінде, қылмыс үстінде ұсталды. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауыл тұрғынына 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Сонымен қатар, заңсыз қару сақтау фактісі бойынша әкімшілік материал жиналуда: күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты тапты. 

Полицейлердің айтуынша, 1 грамм «спайс» құрамындағы белсенді зат мөлшеріне қарай әртүрлі дозаға бөлінуі мүмкін. Синтетикалық каннабиноидтардың әсері алдын ала болжанбайды, тіпті микродозаның өзі адам ағзасына ауыр салдар әкелуі ықтимал. 

Көлеміне қарамастан, кез келген есірткі түрінің заңсыз айналымымен күрес – азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы полиция жұмысының басты бағыттарының бірі. Жыл басынан бері СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 43 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, оның 4 келіден астамы синтетикалық түрлері. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.