Тараздық полицейлер ер адамнан синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі
Тараздық полицейлер ер адамнан синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында “Допинг” республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан “МЕФЕДРОН” (2гр 600мг) және “а-РVР” (1 гр 130 мг) психотроптық синтетикалық есірткі құралдары табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының УҰИ-ге қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
[xfvalue_img]
7 пікір