Заңсыз тасымалдаушылар: СҚО полициясы құжатсыз жолаушы тасымалдаушыларды анықтауда

Заңсыз тасымалдаушылар: СҚО полициясы құжатсыз жолаушы тасымалдаушыларды анықтауда

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жолаушылар тасымалы саласындағы жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында басты мақсат — ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 143 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза тауып, 200 адам түрлі жарақаттар алған. Апаттардың санын азайту мақсатында полиция кешенді шаралар қабылдауда.

Құқық қорғау органдары такси және автобус жүргізушілеріне ерекше назар аударуда. Елді мекендерде және қала сыртындағы жолдарда тосын рейдтер өткізілуде. Негізгі назар — барлық ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру және алдын алу шараларына бағытталған.

Мысалы, Петропавл қаласының Бөкетов көшесінде 35 жастағы Toyota Camry жүргізушісі мобильді қосымша арқылы жолаушы тасымалдап, қажетті тіркеусіз қызмет көрсеткені анықталды. Оған қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері осы бап бойынша 60-тан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері бұл шаралардың басты мақсаты — жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету екенін атап өтті. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы жалғасуда.  

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.