СҚО-да криминалистер мен курсанттар жаңа жабдықтың көмегімен білімдерін тереңдетті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
СҚО-да криминалистер мен курсанттар жаңа жабдықтың көмегімен білімдерін тереңдетті

СҚО-да криминалистер мен курсанттар жаңа жабдықтың көмегімен білімдерін тереңдетті

https://youtube.com/shorts/BCj8v-4tf6c?feature=share

Солтүстік Қазақстан университетінде ерекше сабаққа студенттер, криминалистер және ҚР ІІМ-нің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары қатысты. Олар өздерінің кәсіби білімдерін жоғары технологиялық «Пирогов» интерактивті анатомиялық үстелінің көмегімен жетілдірді.

Бұл оқу бағдарламалық құралы 3D кескіндер арқылы адам анатомиясының барлық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Медицина факультетінің оқытушысы студенттерге адам қаңқасының құрылымын, ішкі ағзалардың, қан айналымы және бұлшықет жүйесінің орналасуын көрсетті, сондай-ақ қаңқаланған сүйектерді зерттеу арқылы жынысы мен жасын анықтау әдістерін түсіндірді.

Сабақ заңгерлік мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен алғашқы қызметтік қадамдарын жасап жүрген курсанттарға бағытталғанымен, тәжірибелі криминалистердің де қызығушылығын тудырды.

Практикалық сабақ Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері мұндай кездесулер оқиға орнын тексеру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізетініне сенімді.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.