Сақшылар лаундж бардағы кальян шегушіні анықтады

Сақшылар лаундж бардағы кальян шегушіні анықтады

Кальян шегуге қатысты тыйымның мақсаты – азаматтардың денсаулығын сақтау және қоғамдық орындарда зиянды әдеттерді шектеу.
Лауазымды тұлғаның кальян өнімдерін тұтынуға арналған арнайы орындар бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында елордалық Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары ағымдағы жылдың басынан бастап қала аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне тексеру жүргізді.
Ойын-сауық мекемелерін тексеру барысында ҚР ӘҚбК-нің 441-бабында көзделген құқық бұзушылық фактілері анықталып, екі ойын-сауық мекемесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Қаланың лаундж барларының бірінде кальян шеккені үшін 21 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды заңнама талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоғамдық орындарда кальян шегуден бас тартуға шақырады. Заң бұзылған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.