СҚО-да жыл басынан бері 500-ге жуық отбасылық жанжалқой полициямен қамауға алынды https://t.me/sqo_pd/10010
СҚО-да полиция қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты ауқымды акциясын ақ ленталарды таратудан бастады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні 25 қарашадан басталды.
Ақ лента - халықаралық қоғамдастық қабылдаған зорлық-зомбылықтың кез келген түрімен келіспеушіліктің символы ретінде. Полицейлер мен волонтерлер, депутаттар және мүдделі органдардың өкілдерімен бірге оларды ақпараттық буклеттермен бірге адамдарға таратып берді.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 62 қылмыс, сондай-ақ 1972 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олар бойынша 470 адам әкімшілік қамауға алынып, 55-не айыппұл салынды және 248-не ескерту жасалды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша болу және тұру орталығына 68 әйел мен бала орналастырылды.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда:
- «111» ұлттық республикалық сенім телефонына (тәулік бойы);
- «102» пультіне (тәулік бойы);
- СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына
8 (7152) 61-25-30;
- Петропавл қаласының полиция басқармасына
8 (7152) 49-31-58,
не тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция пунктіне;
- «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ Солтүстік Қазақстан филиалына,
8(7152) 461326 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Игорь Мерцалов
[xfvalue_img]