Жамбыл облысында 50 тұлға ата-ана құқығынан айырылды

Жамбыл облысында 50 тұлға ата-ана құқығынан айырылды

Ағымдағы жылдың 27 тамызында өткен облыстық аппараттық кеңесте Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметімен атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Аталған бағытта полиция қызметкерлерімен облыс аумағында жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оларға қатысты қылмыстардың алдын-алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қабылданған тұрақты іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 2024 жылдың 7 айында -18,2 пайызға (55-тен 45-ке), ал кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар -3,3 пайызға (90-нан 87-ге) төмендеген. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санынан жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс санаты -22,6% немесе (31-ден 24) 7 дерекке кеміген.

Сонымен қатар, бала тәрбиесіне тікелей жауапты ата-аналардың жауапкершілігін де қадағалау полицияның  ерекше бақылауына алынған. Есептегі тұрған кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс үнемі жүргізіледі, олардың үй-жайы, оқу орындары бойынша тексерістер жүзеге асырылады.

Іс-шаралар нәтижесінде бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 160 (2023ж.– 155) қолайсыз отбасы және қылмыспен, құқық бұзушылық жасаған  382 (2023ж. – 343) кәмелетке толмағандар полицияның есебіне алынды. Девианттық тәрбиедегі мінез-құлқына байланысты 18 (2023 ж. 17) жасөспірім арнайы режимдегі мектепке орналастырылды, 50 (2023 ж. 50)  тұлға  ата-ана құқығынан айырылып немесе шектетілді, 225 (2023 ж. 222) жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды .

Оған қоса, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін Әкімшілік кодексінің 127-бабымен 617 ата-ана жауапкершілікке тартылды (2023ж– 216). Және түнгі уақытта қараусыз жүрген 5 мың 468 жасөспірім анықталып, Әкімшілік кодексінің 442-бабына сәйкес ата-аналарының  жауапкершілігі  қаралды (2023ж.– 4204). Сағат  түнгі 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 156 мекеме иелері Әкімшілік кодексінің 132-бабымен жауапкершілікке тартылды (2023ж.–120).

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында 184 іс-құжат қаралды (2023ж.– 173).

— Мектептердің қауіпсіздігі, оқушылардың өмірімен, денсаулығын және жеке мүлкін қорғау мақсатында әкімдіктер тарапынан қолдау үнемі көрсетілуде. Дегенмен, бала тәрбиесі білім беру, құқық қорғау органдарының ғана емес, жалпы қоғам болып қамқорлық танытатын маңызды мәселе. Сондықтан, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық мүдделі органдарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын,-деді полиция полковнигі Құрмет Мәжікенов.

Сондай-ақ, есептік жиында Қ. Мәжікенов облыс әкіміне  балалардың толыққанды қауіпсіздігі үшін «Сеніммен-болашақ» мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдардың орталықтарын қалада ғана емес, аудандық жерлерде де ашу қажеттігі және Астана,Алматы қалаларының тәжірибесі бойынша мектептерде құқықтық менеджер лауазымдарын ашу бойынша ұсыныстарын жолдады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.