Елордада жыл басынан бері 1500-ден астам кәмелетке толмаған бала түнде үйлерінен тыс жерде болған

Елордада жыл басынан бері 1500-ден астам кәмелетке толмаған бала түнде үйлерінен тыс жерде болған

«Алматы» ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер жергілікті жерде рейд жүргізіп, онда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері және Астана қаласының әкімдігінің қызметкерлері де қатысты.

Рейд аясында ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың бар-жоғы тексерілді. Жирентаева көшесіндегі қаладағы компьютерлік клубтардың бірінде өткен іс-шараның қорытындысы бойынша 16 және 17 жастағы кәмелетке толмаған 2 жасөспірімнің болғаны анықталды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін әкімші ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері полиция қызметкерлерімен түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген 1500-ден астам кәмелетке толмағандар аумақтық ПБ-на жеткізілді. Олардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен 100-ден астам ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды өкілдер 442-баптың 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін), сонымен бірге кәмелетке толмағандардың сауықтыруға рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық мекемелерінің  70-тен астам иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша  тиісті жаза қарастырылды.

Астана қалалық полиция департаменті ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауды ұсынады, себебі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Естеріңізге сала кетейік, елордада ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 10 маусымы аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның аясында тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік аумақтар мен саяжайларды патрульдеу жұмыстарына үлкен көңіл бөлетін болады. Сондай-ақ елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепте тұрған тұлғаларды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын тұлғаларды тексеру және ұстау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.