Ішкі істер министрі қалалық және аудандық полиция бөліністерінің басшыларымен кездесті

Ішкі істер министрі қалалық және аудандық полиция бөліністерінің басшыларымен кездесті

ІІМ-де орталық аппарат қызметтері мен аумақтық департаменттердің, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарымен, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары басшыларының қатысуымен отырыс өтті.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов қызметкерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ведомство алқасында ішкі істер органдарының алдына қойған негізгі міндеттерін жеткізді.

Министрдің орынбасарлары өткен жылғы жұмысты қорытындылап, өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша 2024 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Отырыс барысында министр қылмыстың жекелеген түрлерінің өсуі байқалатын және оларды ашу деңгейі төмендеген өңірлік полиция департаменттерінің жұмысын сынға алды. Әріптестеріне алдағы аттестация туралы ескертіп, биыл министрлік кадр сапасын арттыруға ден қоятынын айтты.

– Біздің негізгі міндетіміз – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Заң және тәртіп, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік, жазаның бұлтартпастығы бірінші орында тұруы керек. Сондықтан нарядтардың жүйелі жұмысын ұйымдастырып, көшелер мен аулаларды барынша қамтуды, мектептер мен жоғары оқу орындарында профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырамын, – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ ол аумақтық полиция департаменттерінің бастықтарына азаматтарды жеке қабылдап отыруды, олардың конституциялық құқықтары мен тергеу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді, көші-қон саласына патрульдік, учаскелік инспекторлар мен жедел қызметкерлерді жұмылдыруды тапсырды.

Жиында ІІО қызметтері мен бөліністеріне тағайындалған жаңа басшылар таныстырылды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметті күшейту үшін криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы болған.

ҚАЖК төрағасы лауазымына әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Ол бұрын Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Бұрын ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болған полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов Жетісу облысы ПД бастығы лауазымына тағайындалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.