Жол апатынан зардап шеккен "Тойотаны" полиция қызметкерлері СҚО-ның барлық жолдарында эвакуатормен алып жүретін болады
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үйілген металл сынықтарына айналған "Toyota" автокөлігі Солтүстік Қазақстан облысының автотрассаларына жолға шықты. Ол патрульдік машинаның сүйемелдеуімен эвакуаторда "саяхат жасайды". Борттарда екі тілде "Жол қателерді кешірмейді" деген жазуы бар баннерлер бар. Бұл автокөлік жүргізушілерінің назарын аудару үшін жазылған қарапайым, эмоционалды белгі болып табылады. 3 күн ішінде полицейлер оны жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін елемеу қандай салдарға әкелетінін еске салу үшін облыстың барлық жолдарымен алып жүретін болады.
6 айда Солтүстік Қазақстанда 127 ЖКО тіркелді. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 28 апат орын алып, 11 адам қаза тауып, 64 адам жарақат алды. Негізгі себептердің қатарында полицейлер жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзуды, қауіпсіз қашықтықты сақтамауды, қарсы қозғалыс жолағына шығуды атайды.
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Валихан Оразалин: "Жазғы кезеңде, тас жолдардағы автотасымалдау ерекше үлкен болған кезде профилактикалық жұмыстар күшейтілді", — дейді. - 1 шілдеден бастап жаздың соңына дейін "Автомобиль" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және "Рөлде ұйықтау" республикалық акциясы өткізілуде. Сонымен қатар, 24 шілдеден бастап айдың соңына дейін "Қауіпсіз жол" облыстық ЖПІШ жүргізіледі. Барлығының түпкі мақсаты бір: қозғалысқа қатысушылардың тәртібін арттыру, апаттылық пен ЖКО зардаптарының ауырлығын төмендету".
Полицейлер еске салады: жолдардағы қауіпсіздік қозғалыстың әрбір қатысушысының тікелей жауапкершілігінен басталады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір