Петропавлда интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы тіркелді
СҚО полицейлері облыс тұрғындарын желілік алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертеді. Ол негізінен егде жастағы адамдарға бағытталған. «Банктерден шалынатын қоңыраулар» сияқты, бұл алдаудың түрінде де бірден бірнеше «актерлер» қатысады.
67 жастағы қала тұрғыны дәл осы алаяқтардың құрбаны болды. Алдымен оған өзін Әділет департаментінің заңгерімін деп таныстырған әйел қоңырау шалып, ұялы байланыстың нашарлығына шағымданып, WhatsApp арқылы сөйлесуді жалғастыруды ұсынды. Содан кейін тұтқаның арғы жағындағы «заңгер» зейнеткерден қан қысымына қарсы дәрілерді жаздыра алғаны немесе алмағандығы туралы сұрақ қойған. Зейнеткерден оң жауап алған соң осы аллергенді препаратты жеткізуімен айналысқан белгілі бір компания әшкереленгенін және оны пайдаланғандардың барлығына үлкен өтемақы қарастырылғанын айтқан. Келесі болып жәбірленушіге «қаржыгер» мен «қазынашы» хабарласыпты. «Өтемақы» алу үшін олар әйелді «сақтандыру», «тексеру» және «транзакция» секілді операциялардың ақысын төлеу керек деп сендірген. Қала тұрғыны өзінің жеке жинаған қаржысын пайдаланып, таныстарынан қарызға ақша алып, қылмыскерлерге 69.800 теңге, 190 мың және 270 мың теңге аударған. Алаяқтар мұнымен тоқтамай, өтемақы сомасы ұлғайғанын айтып, тағы 310 мың теңге сұратқан.
«Қуанышқа орай, жәбірленуші қаражат сұрай келген таныс құрбысы алаяқтардың осындай қулықтары туралы бұрын естіген, ол оны полицияға жүгінуге көндірді», - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. — Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Облыс тұрғындарынан қарт туыстарына интернет-алаяқтықтың қаупін түсіндіруді сұраймыз. Бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіздер. Егер қаржымен байланысты сұрақтар қоя бастаса, алынған ақпаратты дереу ресми арналар арқылы бірнеше мәрте тексеріңіздер. Әңгіме барысында атаулары аталған ұйымдарға қоңырау шалыңыз және мұндай қызметкерлердің шынымен жұмыс істейтіндігін, қоңырау шалушылар сілтеме жасаған акциялар өткізіліп жатқанын тексеріңіз».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]