СҚО-да алаяқтық жасаған күдікті егде жастағы әйелге 100 мың теңгесін қайтарып берді
Қаңтар айының соңында белгісіз қылмыскер Есіл ауданында тұратын 68 жастағы егде жастағы әйелге қоңырау шалып, баласы полициямен байланысты бір жағдайға тап болғаны туралы хабарлап, мәселені шешу үшін 100 мың теңгені талап еткен. Зейнеткер ұлына қоңырау шалған, алайда, ол жұмыста қолы бос болмағандықтан, қоңырауға жауап бере алмаған. Әйел қылмыскердің талабын орындап, оның жіберген телефон нөмірінің теңгеріміне барлық жинаған қаражатын аударған. Кейін алданғанына көзі жеткен зейнеткер полицияға жүгінген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Күдікті бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған Ақмола облысының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оны қызметтік іссапар кезінде ұстады.
«Күдікті жәбірленушіге келтірген шығынын толығымен өтеді, - деді Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбеков. – Қазіргі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың бұл түрі мүлде кездеспейді, дей тұрғанымен, сақ болу қажет. Мұндай қоңырауларға сенбеу керек. Күмәнді қоңыраулар келіп түсіп жатса, анық-қанығын анықтау үшін жақындарыңызға хабарласу керек және орын алған оқиға туралы шұғыл полицияға хабарлаған жөн».
Динара Сағындықова, СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
25 пікір