Елордалық полицейлер мектепте төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл бойынша семинар өткізді
Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері орта мектеп қызметкерлерімен, терроризм актісі жасалуының нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою, күдікті затты анықтаған кездегі іс-әрекеттер бойынша семинар өткізді. Сондай-ақ, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайлар кезіндегі адамдардың іс-әрекеттері туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар табыс етілді.
Алдын алу мақсатында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін ҚР ҚК 273-бабы бойынша құқыққа қайшы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершілік көзделгені назарларына жеткізілді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
17 пікір