Астаналық полицей Президенттік көпсайыстан өткен жарысқа қатысты
Ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында Алматы қаласында Президенттік тестілеу бойынша Қазақстан Республикасының VII чемпионаты өтті. Оған еліміздің әр қалаларынан 9 жастан 60 жасқа дейінгі санаттағы 182 спортшы қатысты. Спорттық бағдарлама мазмұнды және жан-жақты болды. Бір апта ішінде қатысушылар спорттың бірнеше түрінен күш, дәлдік, жылдамдық және ептілік бойынша сынға түсті: Олар, 100 метрге жүгіру, жүзу, граната лақтыру, тартылу және ұзындыққа секіру.
Бұл жарыстың басты мақсаты тұрғындар арасында Президенттік тестілеуді кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту болды.
Астана қаласының Полиция Департаментін Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімшесінің қызметкері полиция капитаны Ізбасар Мұсабеков таныстырды. Ол 100 метрге жүгіруде және ұзындыққа секіруде бірінші орынды иеленді.
Спорттық жетістіктерінің арқасында Ізбасар ішкі істер органдарына қызметке келді. Ол спорт шеберлігіне үміткер, 2010 жылғы көпсайыстан ҚР чемпионатының жүлдегері, 2014 жылғы жеңіл атлетика және үш сайыстан қала чемпионы, 2021 жылғы көпсайыстан ҚР Чемпионатының күміс және қола жүлдегері.
Чемпионат жеңімпаздарға медальдар мен дипломдарды салтанатты түрде тапсырумен аяқталды.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір