Елордада терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша кездесу өтті
Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Аспан» спорт кешенінің қызметкерлерімен, жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша күдікті зат табылған кезде қызметкердің іс-әрекеті тақырыбында семинар өткізді, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы жадынамалар табыс етілді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар) бойынша құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны жеткізілді.
Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]