Астана полицейлері оқу орнында терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша семинар өткізді
Елордалық полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілерді үнемі тексеріп отырады. Терроризмге қарсы қауіпсіздікті тексеру барысында Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері басшылармен және қызметкерлермен ТТО объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуын түсіндіре отырып, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізуде. Бұдан басқа, жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша күдікті зат табылған кездегі қызметкердің іс-әрекеттері түсіндіріледі. Терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде бірінші кезектегі іс-қимылдарды білуін тексеруге ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ, Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының осы бөлімшесінің қызметкерлері 2 балалар музыка мектебінің қызметкерлерімен семинар өткізді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған іс-әрекеттері туралы жадынамаларды таратумен бейнероликтер көрсетілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны жеткізілді.
Астана қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]