Полиция қызметкерлері жалған нөмірлің белгісін таққан жүргізушіні ұстады
Жазаның бұлтартпастығы қағидатын, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласының аумағында 14-16 қыркүйек аралығында "Борышкер"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
- «Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар 1 миллион 50 мың 609 теңге сомасына 39 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген автокөлік жүргізушісі ұсталды, сонымен қатар жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға екені анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Орал Рыспаев.
Өскемен қаласының полиция басқармасы ҚР ӘҚБтК 810-бабына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері» сәйкес борышкерлердің әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқығы бар екенін еске салады. Айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім қарастырылғанын ескертеміз. Айыппұл төленбеген жағдайда жоғарыда көрсетілген мерзімде әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік не жеке сот орындаушыларына жіберіледі.
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]