Ақтөбе облысының мәслихат депутаттары Ақтөбедегі түзеу мекемелеріне келді

Ақтөбе облысының мәслихат депутаттары Ақтөбедегі түзеу мекемелеріне келді

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Руслан Уразбаевтың және мекеме басшыларының қатысуымен, Ақтөбе облысының мәслихат депутаттары департаментке бағынысты түзеу мекемелерін аралап, проблемалық мәселелерімен танысты.

Алдымен №70 тергеу изоляторын аралау кезінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев, мекемеге келетін азаматтарға жағдай жасау мақсатында тергеу изоляторына «Фронт- офис» салу жобасы қомақты қаражатты қажет етіп отырғандығын алға тартты. Департамент бастығының айтуынша, модульдік ғимаратта күту залы, санитарлық бұрыш, камералармен жабдықталған бөлмелер, сонымен қатар тексеру құралдары мен терминаладар орнатылмақ. Бұған қоса, халықпен  жұмыс істейтін кеңсе мен арнайы есепке алу бөлімдерінің кабинеттері орналастырылады.

Тергеу изоляторының ішкі және сыртқы жағдайымен танысқаннан кейін облыстық мәслихат депутаттары мекемеде ұсталған күдікті- айыпталушылармен кездесіп, жағдайын сұрады. Тиісінше, мекемеде ұсталушылар мекемеде өздеріне толық жағдай жасалғанын айтты.

Облыстың мәслихат депутаттарын түзеу мекемелерінің проблемалық жағдайларымен көзбе- көз таныстырғаннан кейін, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев, облыстық қылмыстық- атқару жүйесінің жай күйі мен одан әрі даму перспективалары бойынша мәлімдеме жасады. Өз мәлімдемесінде департамент бастығы түзеу мекемесінің тұрғын, өндірістік аймақты және №8 мекемеге іргелес аумақты жарықтандыру мәселесі, сондай- ақ жазасын өтеуші сотталғандарға арналған әр түрлі тәрбие шараларына байланысты №8 мекеменің аумағында спорт түрлерінен сайыстар өткізу үшін заманауи далалық спорттық кешендері және спорттық жабдықтар, бұдан бөлек мекемелер және пробация қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында автокөліктердің жаңартылуы, заманауи бейнебақылаулар қажеттігін айтты.

Бұл орайда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев түзеу мекемесіндегі сотталғандарды  жұмыспен қамту жағдайына да тоқталды:

«Колониядағы еңбек дағдысы – болашақтағы табыс кепілі. Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Мекемедегі жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін қазіргі таңда бізге мемлекеттік тапсырыстар қажет. Егер де мекемелерге мемлекеттік органдардан үнемі, тұрақты түрде  тапсырыстар келіп түссе, сотталғандардың жұмыспен қамту мәселесі шешіледі. Бұл бір жағынан сотталғандардың мекемедегі тәртібінің жақсы болуына және түзелу жолына түсуіне септігін тигізбек. Бұл орайда мекемедегі цехтер барлық өндірістік  қуаттарға қосылмаған. Алайда,  тұрғын аумақтарда  өндірісті  кеңейтуге мүмкіндік бар. Мекеменің өндірістік аумағына кіші және орта бизнес өкілдерін көбірек тарту мәселесі көптеген түйткілді мәселелерді шешер еді, тек жан- жақты қолдау және мүдделік таныту қажет»,- деді ол.

Департамент бастығының ұсынысын тыңдай келе облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Сұлупан Шынтасова, №8 түзеу мекемесінің аумағында сотталғандарға арналған заманауи спорт алаңдарын жаңғырту мен көше спорт тренажерларын жаңғырту, мекеме аумағын жарықтандыру, бейнебақылау камералары туралы бастаманы қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, №70 тергеу изоляторына фронт-офис салу үшін қажетті қаражат пен жөндеу жұмыстарына қатысты мәселен шешу бойынша тиісті басқармаларға ұсыныстар жолдайтынын айтты.

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы,

Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.