Дәріханалық нашақорлық мәселесі елордалық Полиция департаментінің бақылауында
Фармацевтердің құрамында кодеині бар және дәрілік препараттарды рецептісіз сату фактілерінің жолын кесу мақсатында, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің мамандарымен бірлесіп, фармацевтикалық және медициналық қызмет субъектілерін тексеру бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Жастарды «дәріханалық нашақорлыққа» тарту фактілерінің жиілеуіне байланысты елорда тұрғындары дәріханалардың дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатуы қоғамдық резонансты күшейтуде.
Құрамында кодеин бар дәрілерді, әсіресе жасөспірімдерге сататын фармацевтерге қатысты қала тұрғындарынан арыз-шағымдар келіп түсуде.
Елордалық департамент қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзғаны үшін 5 фактіні құжаттандырды.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Сарыарқа» ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Жангелдин және Дүкенұлы көшесіндегі екі дәріханадан құрамында кодеин бар препараттарды қолдану фактісі расталған жиырмадан астам адамды медициналық куәландыруға жеткізді.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыларға дәріханалардағы лицензияны қайтарып алуға дейін тиісті шаралар қолданылуда.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]