Қазақстанда сатылатын «Сартан» тобының барлық дәрілері қауіпсіз

Қазақстанда сатылатын «Сартан» тобының барлық дәрілері қауіпсіз

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстанның фармацевтикалық нарығында сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты «сартан» тобының дәрі-дәрмектерін айналымнан алып тастау бөлігіндегі шаралар туралы айтты. 

Еске сала кетейік, бұрын 2018 жылғы тамыздан бастап желтоқсан аралығында «валсартан» фармацевтикалық субстанция құрамында «нитрозаминдер» канцерогенді қоспасы бар препараттарды айналымнан алып тастау және дәрілік заттар нарығындағы жағдайды түсіндіру бойынша үлкен жұмыс атқарылған болатын.

Мысалы, «валсартан» фармацевтикалық субстанцияда N-нитрозодиметиламин (NDМA) канцерогенді қоспасының анықталуына байланысты  іс-шаралар кешені жүргізілген болатын. «Валсартан» фармацевтикалық субстанция құрамында  «нитрозаминдер» әлеуетті қауіпті канцерогенді қоспасы бар дәрілерді Mylan Laboratories Limited компаниясы Үндістан, Хайдабарадта, сондай-ақ Қытай, Чжэцзян Хуахай өндірген.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша, Комитет Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлтық орталығымен бірлесіп, ЕМА және Еуропалық медициналық өнім және денсаулық сақтау сапасы директоратының сартан тобына қатысты мәліметтерін мониторингілеу бөлігінде үлкен жұмыс атқарған.  Нәтижесінде, Mylan Laboratories Limited және Чжэцзян Хуахай өндірісінің «валсартан» фармацевтикалық субстанциясы құрамында «нитрозаминдер» канцерогенді қоспасы бар 4 саудалық дәрілік препараттарының 18 сериясы айналымнан алып тасталды.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда сатылатын «сартан» тобының барлық дәрілерінің құрамында «нитрозаминдер» канцерогендік қоспа жоқ екендігін, бұл пациенттердің оларды қолдану қауіпсіздігіне кепілдік беретінін атап айта кетейік. Қазақстанда  құрамында сартан бар барлығы 120 дәрілік препарат тіркелген.

Қазақстанда дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдану нәтижесінде  халықта жағымсыз әсер пайда болатын фактілері тіркелетін дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингілеу және фармацевтикалық қадағалау бөлігінде тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Осы іс-шаралар сол немесе өзге де дәрілік препараттардан болған жағымсыз реакциялардың ошағын дереу анықтауға  және ден қоюға мүмкіндік береді.

Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар туралы барлық ақпаратты ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының (бұдан әрі – ДЗМБСҰО) сайтында http://www.ndda.kz/category/search_prep сілтемесі бойынша «Мемлекеттік тіркелім» бөліміннен немесе DariKz мобильдік қосымшадан табуға болатынын еске саламыз.

 

 

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК

Баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.