Ұлтаралық келісімді сақтау мәселесі бойынша

Ұлтаралық келісімді сақтау мәселесі бойынша

Әлеуметтік желілерде әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар ақпараттарды тарату фактілері бар.

Олардың авторлары жазбаларында азаматтардың немесе жалпы этностың (ұлттың, халықтың) ұлттық ашуын әдейі қоздырады, ұлтқа немесе этникалық топқа тіл тигізеді.

Басқа ұлттың немесе әлеуметтік топтың өкілдеріне, оның ішінде олардың тілге деген көзқарасына тиісіп, физикалық зорлық-зомбылыққа тікелей шақырады.

Бұл материалдардың авторларының кім екені әдеттегідей, құқық қорғау органдарының көмегімен анықталып, жауапқа тартылады. Олар райынан қайтып, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда бұлай жасау оларды ешқандай да жауапкершіліктен босатпайды.

Олардың БАҚ немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып, айтқан сөздері мен мәлімделемелері Конституцияда тыйым салынанған және Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал егер келтірген залалдың салдары ауыр болса, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

Бұл құқық бұзушылық экстремистік қылмыс санатына жатады (ҚК-тің 3-бабы).

Қоғамда алауыздық тудырып, ұлтараздықты ушықтыратын мұндай тұлғалар әрекетіне өкіну (ҚК-нің 65-бабы), жәбірленушімен татуласу (ҚК-нің 68-бабы), қылмыс жасағанынан біраз уақыт өтіп кетсе де (ҚК 65-бабы) қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан қашып құтыла алмайды.

Мұндай әрекет жасағандарға шартты түрде соттау (ҚК-нің 63-бабы), шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ҚК-нің 72-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру (ҚК-нің 73-бабы) немесе кейінге қалдыру қарастырылмаған (ҚК 74, 76-баптары).

Осындай қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталғандар экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың Тізіміне енгізіледі.

Тізімге енгізілген кезеңде олар өз қаржысы мен мүлкін басқарудан, кейбір банк операцияларын жүргізуден шектеледі, нотариустар мен сақтандыру ұйымдарының қызметтерін қолдана алмайды («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңы).

Жалпы, 2019 жылдан қазіргі кезге дейін соттар ұлтаралық араздықты қоздырған 21 тұлғаға қатысты үкім шығарған.

Мысалы, Алматының «Т» есімді тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде азаматтардың ұлтына қатысты үгіт-насихат жүргізгені үшін 2021 жылы 19 тамызында  ҚК-тің 2-бабы бойынша  7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осыған ұқсас тағы бір оқиғаны мысалға келтірсек, Алматының «Б» есімді тұрғыны 2019 жылы 23 қазанда 5 жылға сотталды. Ол «WhatsApp» пен  «Youtube» хостингінде өзге этнос өкілін балағаттаған материалдар жариялаған.

Азаматтарды және БАҚ өкілдерін аңдамай сөйлеуден, ұлтараздығын қоздыратын мәлімдемелерден аулақ болуға және мұндай заңсыз материалдарды таратпауға және ұлтаралық келісімді сақтауға шақырамыз!

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.