Мекеме қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызды
Ағаш егу - ежелден келе жатқан игі амалдың бірі. Осындай игі амалды Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері жасады. Мекеме ұжымы Қызылорда қаласындағы «Қарттар үйі» ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген дана бабаларымыздан қалған қағиданы берік ұстанған ұжым бір кісідей жұмылып, қолдарына күрек алып, тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмысына кірісіп кетті. Қызметкерлердің бұл игі іске риза болған қариялар батасын беріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
16 пікір