Жастар ресустық орталығы мен пробация қызметі меморандумға қол қойды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қармақшы аудандық пробация қызметі «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-мен және «Қармақшы-жастары» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған 14 пен 29 жасқа дейінгі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізіп, жан-жақты толыққан тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін үш жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған жастардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін құрметтей отырып, олардың түзелу жолына түсуіне қажетті жағдайлар жасап, атап айтқанда білім алуда, мамандықты меңгеруде, жұмысқа орналасуда, емделуде және де олардың жазаларды атқару кезінде жеке басының әлеуметтік, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз ету.
«Аудандық пробация есебіндегі тұратын азаматтар арасында 17 сотталған 29 жасқа дейінгі жастар. Алдағы уақытта осы меморандум аясында шаралар өткізетін боламыз. Сотталғандармен жүргізілген шаралар олардың мінез-құлқының оң бағытта қалыптасуына ықпал етіп, қоғам алдында түзелуіне көмек берері анық»,- дейді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жақсыбек Жүнісов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
28 пікір