Жыл басынан Петропавлда полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзу деректері бойынша 578 хаттама толтырды
Өткен демалыс күндері Петропавлда қала тұрғындары түнгі сағат 23:00-ден кейін тыныштықты бұзғаны үшін полицейлерді 6 рет шақырған. Екі жағдайда жалдамалы пәтерде шулаған. Жексенбі күні шамамен түнгі сағат 4-те «102» арнасына Интернациональная көшесіндегі үй тұрғындарынан қоңырау келіп түсті. 25 пен 30 жас аралығындағы 4 жігіт бас қосып, көршілерінің демалуына кедергі келтірген. Полицейлер оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша хаттама толтырды.
«Баптың санкциясымен жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген, - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Жыл басынан облыс орталығында полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 578 хаттама толтырды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 714 адам жауапқа тартылған. Жұмыс күндері кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері кешкі сағат 23-тен таңғы сағат 10-ға дейін шулауға болмайтыны туралы ескертеміз. Егер біреудің шулағанын байқасаңыз, учаскелік полиция инспекторларына немесе 102 нөміріне қоңырау шалу қажет».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір