СҚО-да заңсыз аң аулаған күдіктілер жасырынбақ болған
20 ақпанға қараған түні қорықшы Тимирязев ауданында орман маңындағы жолда екі адам жануардың денесін тиеп жатқан «JAC» пикабын байқаған. Тоқта деген белгіге олар мойын бұрмаған. Шетелдік көлік қорықшының «Нива»-сын шаң қаптырған. Табиғатты қорғаушы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Тәртіп сақшылары алған ақпаратқа шұғыл ден қойып, ұстау жүргізді. Көлік салонында аңшы қаруы, шанағында қан ізі табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғандар көрсеткен Тимирязев селосынан 10 км. жерде полицейлер атылған екі елікті тауып алады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен аудан орталығы Сергеевканың 36 жастағы тұрғыны мен Ақтөбе қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]