Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде жыл қорытындысын шығару
Бүгін Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында ҚР ҰҰ 6698 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, "Еңбек – Шымкент" РМК басшысы, сондай-ақ ҚАЖД ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен 2021 жылғы қызмет нәтижелері бойынша қорытынды жиналыс өтті
Жиналыста департамент бастығының орынбасарлары Әділет подполковниктері Бағдат Замирович Әсілбеков пен Пархат Әміралиұлы Исақбаев баяндама жасады.
Жаппай бейнебақылау және сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері, осы бағыттағы жұмыс нәтижелері талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан әскерлері арасындағы өзара іс-қимылды, алдағы жылы іске асырылатын мекемелердің жұмысын жақсарту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
Жиналыс соңында Департамент бастығы әділет полковнигі Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібеков қорытынды жасап, қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлығына денсаулық пен амандық тіледі.
[xfvalue_img]
23 пікір