Жамбыл облысының Полиция департаменті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті

Жамбыл облысының Полиция департаменті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті

Жамбыл облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы мен ардагерлері қатысты.

Мерекелік жиында Жамбыл облысы  Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов сөз сөйлеп ашып, жеке құрамды айтулы мейраммен құттықтады:

- Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын. Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күш-қуатының символы болып саналады. Қазақстан 30 жыл ішінде көптеген табыстарға жетіп, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды.

Полицейлер азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыспен күрес жүргізуде мақсатқа бағытталған жұмыс жасауда.

Мерекеге орай, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бірқатар қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ерекше көзге түсіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Нұржан Қалметов пен полиция полковнигі Фахритдин Шанкаров, сондай-ақ Полиция департаменті бөліністерінің басшылары марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қызметтік борышын адал атқарғаны үшін Жуалы ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі Меруерт Орынбекке мерзімінен бұрын полиция майоры арнайы атағы берілді, ал Шу ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Мақсат Саулебаевқа және ПД Штабы кезекші бөлімінің кезекші инспекторы Олжас Тайтеновке атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы атағы берілді.

"Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен үш полиция қызметкері, ІІ дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен бес полиция қызметкері, ҚР Ішкі істер министрінің "Құрмет грамотасымен" 5 полиция қызметкері, ал "Алғыс хатпен" 6 қызметкер марапатталды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірініші орынбасары Серік Бегалиев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жедел-қызметтік жұмыста көрсеткен оң нәтижелері үшін үш полиция қызметкеріне ҚР ҰҚК грамотасын табыстады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты іс-шараның құрметті қонақтары - қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың жұбайлары Гүлжамал Тәжиева, Дамира Сметілда және Миясар Юсупова бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты жиын барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин де құттықтау сөз сөйледі.

Содан кейін қатысушылардың назарына Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.