Түзелу жолына түскен сотталғандар отбасыларымен бірге
Өмірде шалыс басып, сотталғандарды тәрбиелеу – түзеу мекемесінің негізгі міндеті.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Сотталғандардың отбасымен байланысын үзбеу мақсатында пайдалы іс-шаралар өткізіліп келеді. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде, түзелу жолына түскендерде аз емес. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде мекеменің ішкі күн тәртіп ережелерін бұзбай, қоғамдық, мәдени іс-шараларға қатысып, оң мінезді болып танылған азаматтар ҚР ҚАК-нің 143-бабына сәйкес мекеме орналасқан елді мекен шегінде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға құқылы. Қазіргі таңда ЗК-169/4 мекемесіндегі бірнеше сотталған отбасыларымен бірге тұрып жатыр. Олар мекеме бастығының қаулысымен белгіленген күндері айына төрт рет мекемеге тіркелу үшін келіп тұруға және сағат жиырма бірден жетіге дейін тұрғылықты жерінде болуға міндетті. Мекеме әкімшілігі сотталғандар тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға тәуліктің кез келген уақытында барып, тексеруге құқылы.
Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қанат Дайрабаевтың айтуынша сотталғандардың отбасымен, туған- туыстарымен байланысын үзбеу, қоғамға өзін жат сезінбеуі үшін мекемеде мәдени іс-шараларды да жиі ұйымдастырамыз. Осындай шаралардың нәтижесінде бірнеше сотталған мекеме аумағынан шығып, отбасымен бірге тұрып жатыр. Барлық сотталғандарға бірдей отбасыларымен тұруға рұқсат беріле бермейді. Ал ұсталу жағдайы жеңілдетілген барлық сотталғандарға қолданылады. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жеке басын зерделегеннен кейін алайда, жеңілдетілген жағдайға ауыстыру сәтінен бастап кемінде 3 ай өтегеннен кейін мекеме бастығының қаулысымен ғана шрұқсат етіледі. Әбір сотталғанның өз отбасымен байланысты үзбей, болашақта түзеліп, дұрыс жолға түсуі үшін әлі де ауқымды жұмыстар атқарамыз дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Қанат Дайрабаев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]