Сотталғандардың қолынан шыққан туындылар балалар үйіне табысталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандардың қолөнер бұйымдары мен сурет туындыларының «Үміт-2021» байқауын өткізді. Байқауға ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың жасаған өнер туындылары қойылды. Қолөнер бұйымдары мен сурет туындыларды сараптаған қызметкерлер жүлделі І орынға «Кеме» туындысын , ІІ орынға «Қобдиша» , ІІІ орынды «Табиғат» туындысын лайық деп таныды.
«Бұл байқаудың мақсаты- жазасын өтеуші сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалануға жұмсатып, өздері ұнатқан іспен айналыстыру. Байқауға сотталғандар бар өнерлерін салып бірі сурет салса, басқа сотталғандар ағаштан түйін түйіп, қолөнер бұйымдарын ұсынды. Өнер адасқан адамның түзу жолға түсуіне көмектеседі. Олардың өмірге деген құлшыныстары артады. Бүгінгі байқауда жеңіске жеткен сотталғандар мадақтау қағазымен марапатталатын болады. Ал сотталғандар қолынан шыққан туындыларын «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына апарып бердік»,-деді ҚАЖ департаменті САПТЖЖ тобының бас маманы Серік Сейдахметов.
Бүгінде балалар ауылында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған 47 бала тәрбиелеуде. Мереке сайын балаларды қуантуға асығатын ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне Балалар ауылының ұжымы алғысын айтып, қызметтеріне табыс тіледі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]