СҚО полицейлері жыл басынан жылдамдықты сүйетін 8 мыңнан астам жүргізушіні жауапкершілікке тартты

СҚО полицейлері жыл басынан жылдамдықты сүйетін 8 мыңнан астам жүргізушіні жауапкершілікке тартты

Жылдамдық режимінің бұзушылығы – бұл салдары ауыр жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының бірі. Жыл басынан СҚО-да жылдамдықты асыру салдарынан 4 адам жарақаттар алды. Тәртіп сақшыларымен бұндай фактілердің алдын алу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені шеңберінде, рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, Петропавл қаласының аумағында «интеллектуалдық» бейнебақылау жүйелері жұмыс істейді. Олардың төртеуі жылдамдық режимінің бұзушылықтарын тіркейді. Рұқсат етілген жылдамдықты бұзу деректерінің басым бөлігі облыс орталығындағы Жамбыл мен Мүсірепов көшелерінің қиылысында тіркеледі екен. Мұндай бұзушылық саны – 518. Жылдамдық тіркеуіштердің көмегімен жыл басынан жылдам жүрісті құмартатын 1431 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

«Апат орын алмас үшін Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, көлік жүргізу тәртібін сақтаған жөн, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Елді мекендердің ішіндегі жылдамдық кейбір арнайы жол белгілерімен бекітілген жылдамдық режимдерін қоспағанда (сағатына 90 шақырымнан аспауы тиіс), сағатына 60 шақырымнан аспауы тиіс. Ал тұрғын үйлер мен аулалардың аумағында жылдамдық сағат 20 шақырымнан аспауы қажет. Жылдамдық режимін шамадан тыс асыратын жүргізуші кенеттен болатын жағдайларда шешім қабылдап үлгермейді. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында жылдамдықты асырған 8230 жүргізуші жауапкершілікке тартылды».

Полицейлер айтып өткендей, көше қиылысына не болмаса жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда, білім беру мекемелерінің маңында, адамдар көп жиналатын аумақтарда және жол үстіне кенеттен адамдар шыға келуі мүмкін жағдайларда жылдамдықты азайту қажет. Бұл, әсіресе, қыс мезгіліне таяу уақытта маңызды. Өйткені, үсті су асфальт, мұз және қар көлікті тежеуді қиындатады, маневрлар жасау кезінде қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін. Сондықтан полицейлер жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды және жол үстінде сақ болуға кеңес береді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.