Сотталғандармен «Жауапкершілік» тақырыбында тренинг өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Тәрбиелеу процесінің бір бағыты мекеменің психологымен сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізу болып табылады. Мекеме психологы Айнұр Яхияева сотталғандардың өмірдің қандай жағдайында жауапкершілік таныта білу, сөзіне іс-әрекетіне, қоршаған ортаға жеген жауапкершілік ұғымын кеңінен түсіндіру мақсатында сотталғандар арасында «Жауапкершілік» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Іс-шараға «Pro bono» қоғамдық қорының психолог мамандары Т.Камалов, Г.Ермаханов, Ж.Оңғаровалар қатысып, әдістемелік және практикалық тәжірибедегі жаттығуларын ұйымдастырып, сотталған азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
«Мекемедегі сотталған азаматтар өз ойларын, ішкі жан дүниесін психологтармен, яғни, бізбен сөйлесу арқылы білдіріп отырады. Бұл азаматтармен тренинг өткізу, олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын оятады. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру біздің міндетіміз», - деді психолог Айнұр Яхияева.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
1 пікір