ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ
Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Нұр-Cұлтан қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті басшысының міндетін атқарушы Майя Алданаева мен маман Әсем Әбуова «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша өтініштер қабылдаудың бірыңғай ақпараттық платформасы» тақырыбында онлайн диалог өткізді.
Тікелей эфирде Майя Алданаева негізгі міндеті өтініштерді өңдеу және тіркеу болып табылатын платформа жұмысы туралы айтып берді.
Аталған платформа тұтынушылардан, бизнес өкілдерінен және мемлекеттік органдардан шағымдарды қабылдау және өңдеу процестерін автоматтандыру үшін әзірленген. Жүйе өтініштерді берудің және оларды қарауды бақылаудың бірыңғай терезесі болып табылады.
Әсем Әбуованың айтуынша: «сапасыз тауарға немесе ұйымға өтініш немесе шағым беру үшін платформада заңды тұлғаны тауып, өтінімді толтыру қажет, содан кейін өтінім өңдеу және мониторинг жүйесінде тіркелетін болады.
Ведомствоның мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда 20 мыңнан астам тұтынушылар құқықтарының бұзушылықтары орын алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының 13% - ы ғана өздерінің тұтынушылық құқықтарын біледі. Бұзушылықтардың тек 10-15% - ы ғана тіркеледі және олар бойынша мемлекеттік органдар шаралар қабылдайды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйе тұтынушылардың өмір сүру сапасын арттырады және нарықтық жағдайды жақсартады. Платформа тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесінде азаматтардың сауаттылығын арттырады.
[xfvalue_img]
16 пікір