Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрлері  екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

 Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан және Түркия Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Бейбіт Атамқұлов және Қазақстанға сапармен келген Мевлют Чавушоглуның төрағалығымен Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының Бесінші отырысы өтті.

Кездесу барысында екі елдің СІМ басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ Астана процесі шеңберіндегі Сириядағы дағдарысты реттеу және Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мерейтойлық саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.

Қазақстанның СІМ басшысы Түркияның Еуразия континентіндегі екі бауырлас халықтарының тарихи және мәдени ортақтығының арқасында маңызды, стратегиялық және сенімді серіктес екенін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Анкараның өңірлік және жаһандық саясат үдерістеріне, мұсылман және түркі әлеміндегі беделінің арта түсуін атап өтті.

М.Чавушоглу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастың архитектурасын құрудағы ерекше рөлін атап өтті. 1991 жылдан бастап Н.Назарбаев 24 рет жұмыс және ресми сапарлармен Түркияға барып қайтты. Сол кезеңде Қазақстан астанасында Түркия президенттері 15 рет, ал Премьер-Министрлері - 6 рет қабылданды.

Биыл Қазақстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынастарға стратегиялық әріптестік мәртебесін берудің 10 жылдығын атап өтуде. Осы кезеңде мемлекет басшыларының төрағалығымен Жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үш отырысы өтті.

Осыған байланысты тараптар жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің қызметін жоғары бағалады, бұл екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге жаңа серпін беріп, екіжақты ынтымақтастық аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамытудың перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді айқындайды.

Келіссөздердің басты тақырыбы сауда-экономикалық ынтымақтастық болды. Түркия - Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі және «Жаңа синергия» атты экономикалық бағдарлама аясында одан әрі ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар. Мемлекет басшылары өзара сауда айналымын 5 млрд. долларға жеткізуді мақсат етіп қойды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аталған көрсеткіштің 50%-дан астам өсуіне қол жеткізгеніне қанағаттанатындықтарын білдірді.

Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестері әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Түрік инвесторларының қатысуымен бүгінгі күні фармацевтика, хром концентраты, электротехникалық құрылғылар, алкогольсіз сусындар және кондитерлік өнімдер өндірісі сияқты маңызды жобалар жүзеге асырылды.

Қазақстан химия және мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, металлургия және тоқыма өнеркәсібі секілді салаларда үшінші елдерге экспортқа бағытталған аса құнды қосылған өнімдерді бірлесіп өндіруге түрік инвестицияларының ағынын ұлғайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» бірлескен кәсіпорны әскери-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың табысты мысалы болып табылады. Қазақстандық делегацияның Түркиядағы «IDEF» халықаралық қорғаныс көрмесіне қатысуы аясында аталған кәсіпорын өнімдерін Түркия нарығына экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді.

Тиімді экономикалық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Осыған байланысты тараптар Транскаспий бағытының келешегін талқылады, сондай-ақ белсенді дамып келе жатқан еуразиялық көлік инфрақұрылымының маңызды элементі бола алатын Ақтау теңізі мен Құрық порттарының негізінде логистикалық хабты дамыту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азиядағы өзара іс-қимылдың түрлі аспектілерін, соның ішінде аймақ елдерінің арасындағы сенімді диалогын нығайтуды, барлық салалардағы өзара іс-қимылдың ортақ қағидаттарын іздеуді талқылады.

Тараптар халықаралық ұйымдар мен құрылымдар, атап айтқанда ТТМЫК, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ және БҰҰ түрлі құрылымдарында ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Келіссөздердің ерекше тармағы ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды. Әртүрлі аспектілерді ескере отырып, Түркістанды дамытудағы қазақстандық-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді. Түрік фирмалары осы қалада халықаралық әуежайдың құрылысына және басқа да бірқатар көрнекті нысандардың тартылуына қанағаттанушылық білдірді.

Қазақстан туристік сектордағы Түркияның озық тәжірибесін зерделеуге мүдделі. Осыған байланысты түрік инвесторлары Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамытуға арналған қазақстандық жобаларға белсене қатысуға шақырылды. Түркістанның түркі әлемінің тарихи, мәдени және рухани орталығын насихаттау қажеттігі атап өтілді.

Қазақ және түрік халықтарының ортақ мәдени, тарихи және этникалық тамырларын ескере отырып, тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екі жақты қатынастардың достық және жылы атмосферасын сақтауға және тереңдетуге қызығушылық танытты.

Екі елдің арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 1,9 млрд. долларға жетті. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетел кәсіпорындарының саны бойынша Түркия басқа елдердің арасында екінші орын алады (2019 жылдың 1 мамырына Қазақстанда түрік капиталы бар 4314 компания тіркелген, оның ішінде 2183 белсенді жұмыс істеп келеді).

2005 жылдан 2018 жылға дейін Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2,9 млрд. доллар, ал Қазақстаннан Түркияға - 1 млрд. доллар құрады.

Бүгінгі таңда түрік тарапымен бірлесе отырып 1,6 млрд. долларға 35 жоба, 1,5 млрд. долларға - 9 жоба жүзеге асырылып, және 1,4 млрд. долларға келешегі бар 33 жоба пысықталуда. Бүгінгі күні түрік инвесторларының қатысуымен фармацевтика өндірісі (Абди Ибрахим), хром концентраты (Йылдырым Холдинг), электрондық-оптикалық құрылғылар (ASELSAN), алкогольсіз сусындар (Анадолу Груп Холдинг) және кондитерлік өнімдер (Йылдыз Холдинг) сияқты маңызды жобалар іске асырылды.

  

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.