Сот мамандарының еңбек тәртібі

Сот мамандарының еңбек тәртібі

Еңбек тәртібі әр бір жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қарым қатынасында туындайды. Яғни, барлық салаларда кездеседі. Бұл қоғамда әлеуметтік дәрежеде қалыптасып қалған заңдылық, егер еңбек тәртібі тараптар арасында орындалмаса ол өндірістің тоқтауына әкеп соғуы мүмкін. Ал сот жүйесінін қызметкері еңбек тәртібін бұзса немесе немқұрайлықпен қарайтын болса , ол адамның тағдырна ықпал етуі мүмкін. 

Әрине, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында сот мамандарының тәртіптік және этикалық норманалары заманауи талаптармен бекітілген.

Оны біз Қазақстан Республикасы «Мемелекеттік қызмет туралы» заңында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2015 жылы 29 желтоқсанындағы ҚР Президентінің №153 жарғысымен реттеледі.

Аталып кеткен заңнамаларда мемлекеттік қызметшінің моральдық-адамгершiлік бейнесiн және iскерлiк қасиеттерін нығайту мақсатында жарияланған.

Осы заңдарға сүйене отырып сот жүйесі кызметкерінің келбетін сипатап көрейік.

Әдеп кодіксіне сәйкес қызметкер жұмыс барысында осы қағидаларды ұстануға тиісті:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Жоғарыда аталған қағидаларды әр сот қызметкерлері мүлтіксіз орындауға міндетті және осы қағидалардың орындалуын өзі қызмет атқаратын ұжымда орындалыуын талап етуге тиісті.

Әр сот қызметкері қоғам арасында жағымсыз пікір тудыратын қылықтардан аулақ болуға, өз тәртібімен, қылықтарымен үлгі болуға тиісті. 

Ануарбек Жунусов 

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының

№2 сотының жетекші маманы                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив