Еңбек дауларын сотқа дейін қарау тәртібі

Еңбек дауларын сотқа дейін қарау тәртібі

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасын қолдану, еңбек шартының, жұмыс беруші актілерінің ережелерін орындау мәселелері бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасында келіспеушіліктер туындаған кезде дауға қатысы бар тараптың біреуі бұзылған құқықты қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы болса жаңа Еңбек кодексінде жеке еңбек дауын шешу үшін алдымен келісу комиссиясына тек онан кейін ғана сотқа жүгіну тәртібі көзделген.

Еңбек кодексінде жеке еңбек дауаларын келісу комиссиялары,                           ал реттелмеген мәселелерді немесе келісу комиссиясының шешімі орындалмаған кезде шешілмеген дауды сот  қарайтындығы көзделген, яғни баламалы құзыреттілік жойылған.

Тиісінше талапкерлер сотқа талап арыздарды бермес бұрын дауларды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтаулары тиіс. Осындайда сотқа жүгіну үшін келесі мерзімдер көзделген:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шарты тоқтатылғандығы туралы актісін келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша жүгінген кезде немесе келісу комиссиясының шешімі еңбек шартының тарапымен орындалмаған кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай;  

2) өзге де еңбек даулары бойынша – жұмыс беруші немесе жұмыскер өз құқығының бұзылғандығы туралы білген не білуі тиіс күннен бастап бір жылдық мерзім.   

Кодексте келісу комиссиясы ұйымда, оның филилалдарында және өкілдіктерінде тепе-тең негізде, жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан құрылатын тұрақты түрде қызмет ететін орган болып табылатындығы белгіленген.  ЕЕ сандық құрамы, оның қызмет ету тәртібі, делдалдық етушіні қатыстыру мәселелері жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдері арасында жасалған жазбаша келісімде немесе ұжымдық шартта белгіленеді. 

Келтірілген нормадан келісу комиссиясын құру жұмыс берушінің міндеті екендігін аңғаруға болады. Оған қоса заң шығарушы келісу комиссиясы құрылмаған жағдайда жеке еңбек дауларын қарау мерзімінің есептелуі келісу комиссиясы құрылғанға дейін тоқтатылатындығын көздеген.

Сөйтіп, еңбек дауы туындап, келісу комиссиясы болмаған кезде жұмыс беруші келісу комиссиясын құра алады, осындайда арызды, талап арызды беру мерзімі өтіп кетпейді.

Заңда келісу комиссиян құру үшін нақты мерзімдер белгіленбеген, алайда жұмыс беруші келісу комиссиясын құру уақытын әдейі ұзартып, заңда белгіленген құқықты теріс пайдаланбай қисынды мерзімдерді басшылыққа алуы тиіс. Осы ереже тек шағын кәсіпкерлік субъектілері мен заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларына ғана таралмайды.

Тиісінше, егер де жеке еңбек дауының тарапы шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе мысалы, заңды тұлғаның директоры болатын болса дауды келісу комиссиясының шешімісіз шешіле алады.   

 

Астана қаласы

Алматы аудандық сотының судьясы                 

Сулейменова С.А.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив