Мемлекеттік тілді дамыту – еліміздің басты міндеттерінің бірі

Мемлекеттік тілді дамыту – еліміздің басты міндеттерінің бірі

1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы қабылданды.

Жоғарыда аталған Заңның 8 бабына сәйкес Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Осымен қатар Қазақстан ресупбликасының Негізгі Заңы – Конституциясының 7 бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік тілді білу, меңгеру – әрбір азаматтың парызы.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4 бабында: «Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі немесе өзге тілдер де қолданылады. Қазіргі таңда соттарда шығыс хат-хабар тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 «Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 3 тармағына сәйкес сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс. Сот талап қоюшыдан (арыз берушіден) тиісті жазбаша өтінішхат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 30 бабында «Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiнің 738 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

Аталған заңға сәйкес іс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту саясатын жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасы бекітілді.

Мемлекетіміз жылдан-жылға мемлекеттік тілді үйренуге қолайлы жағдай туғызуда.

Мемлекеттік тілді білу – дамуға, ой-өрісінің кеңеюіне, түптеп келгенде, тамыр-танығыңызға бет бұрып, өмір сүріп жатқан елге деген құрмет. 

А.А.Ахмеджанова 

Ақжайық аудандық сот әкімшісінің

бас маманы – сот отырысының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив