Орал қаласының №2 сотында «Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Орал қаласының №2 сотында «Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Семинар сабағын соттың кеңсе меңгерушісі Фазила Танатова ашып, өз баяндамасында мемлекеттiк тiлдің – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi екендігін айтып өтті.
Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.
Алайда, тәжірибеде сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Бұл ретте семинар барысында соттың бас маманы Олеся Ташимова қатысушыларды Қарағанды облыстық сотының және Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығымен дайындалған сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған қазақ тілін оқыту құралымен таныстырды.
Семинарға қатысушылар өткізіліп отырған осы шараның өзектілігін, сондай-ақ, осы кездесу туындап отырған көптеген мәселелерді шешуге оң ықпал беретінін атап өтті.
Орал қаласының №2 соты

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив