Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі

Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз - бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

Бүгінгі күнде сот, құқық қорғау жүйесінде мемлекеттік тілді қолдануға үлкен көңіл бөлініп отыр.

Мемлекеттік тілді іс-қағаздарына енгізіп, қызметіне сай қолдану, насихат жұмыстарын ұйымдастыру және оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалану мемлекеттік органдарының басты мақсаты.

 Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – тергеушілердің, судьялардың, қорғаушылардың, әскери бөлімдердің командирлерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ең маңызды мәселесі. Міндетті түрде осы мәселеге көңіл аудару қажет. Осы бағытта нәтижелі жетістіктерге жету үшін кадр қызметін жақсарту, мемлекеттік тілді игеруді ынталандыру қажет.

 Жақында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша «Әскери құқық қорғау органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Мұндағы мақсат сот, құқық қорғау жүйесінде іс-құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Қазіргі таңда әскери сотының шығыс құжаттарының барлығы дерлік мемлекеттік тілде рәсімделеді. Сонымен қатар, сотта жүргізілетін іс-шаралар да толығымен мемлекеттік тілде өткізіледі. Осылайша елімізде мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімізді қосудамыз.

Н.Жунисова 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты әкімшісінің басшысы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив