«Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі»

«Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі»

Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы Р.Қаженов «Ашық әкімдік» бөлмесінде мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік тілдің сот процесінде қолданылуы жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы және соттағы хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс.

Сот әкімшісінің басшысы Р.Қаженов өз сөзінде "Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар тілді дамыту үшін барлық жағдайды жасауға міндетті" екенін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар  мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту аясында өз пікірлерін білдірді. 

Қаженов Руслан Сайфетдинұлы 

Батыс Қазақстан облысы

Казталов аудандық соты

әкімшісінің басшысы                                                     

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив