Жоғарғы Сотта өткен кездесу туралы

Жоғарғы Сотта өткен кездесу туралы

Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев кәсіпкерлер қоғамдастығының судьялар корпусымен өткізілген кеңейтілген кездесуіне қатысты.

Іс-шарада кассацияға қолжетімділікті қамтамасыз етудің, әкімшілік әділетті нығайтудың және салық органдарының күмәнді мәмілелер бойынша жұмыс тәртібін өзгертудің өзекті мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде Ғ.Қойгелдиев бизнестің шағымдануына негіз болатын, оларды сот дауларына тартудың алғышарттарды жою, болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың жеке даулар бойынша сот практикасы қадағалау актілерін енгізу, прокурорлық тексерулер мен талдауларды жоспарлау кезінде пайдаланылады.

Жалпы, ол бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижелеріне қысқаша тоқталды.

Тек осы жылы ғана 125 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 6 мың заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де түрлері тоқтатылды және күші жойылды, 800-ден астам лауазымды тұлға жазаланды.

Кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимылдардың кешенді жоспарын орындау шеңберінде прокурорлардың көмегімен бизнес үшін өзекті болып табылатын, сауда жасайтын орындарды анықтаудан бастап заңсыз тексерулерді тоқтату мәселелерін қамтитын 80-нен астам мәселелер шешілді.

Бұдан бөлек, Ғ.Қойгелдиев прокурорлардың маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелеріне жеке тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесін қатысушылардың назарына жеткізді.

Атап айтқанда, прокурорлар 40-тан астам инвесторларға көмек көрестіп, қадағалау шараларын қолдану арқылы инфрақұрылымды жүргізу, жер бөлу, рұқсат құжаттарын беру, бюрократиялық әуре-сарсаңдарды жойды.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тұжырымдамалық ұсыныстар әзірленді. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив