Отбасы- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар!

Отбасы- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар!

       «Отбасы–шағын мемлекет» деп халқымыз бекер айтпаған болар. Өйткені, махаббат пен бақытқа толы, берекет мен бірлігі жарасқан отбасының ұрпақ тәрбиесіне, халық санының көбейуіне, қоғам байлығының артуына, мемлекетіміздің одан әрі нығайуына тигізер ықпалы зор.

       Сондықтан отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалатын құқық бұзушылықтар елімізде өзекті мәслелердің бірі болып табылады.

       Өкінішке қарай көбінесе отбасы болып саналатын азаматтар, спирттік ішімдігін ішіп болмашы себептермен, кейде себепсіз де күндіз болсын, түн ортасы ішінде ұйқыда жатқан кезі болсын отбасының тыныштығын бұзып, оларға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, кемсітіп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіреді. Бірақ, көп жағдайда отбасы мүшелері осындай оқиғалар орын алған кезде құқық қорғау органдарына хабарласпай  төзіп жүре береді.   

       Қазақстан Республикасының әкімшлік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық» бойынша 10 тарауымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған үшін 73 бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделген.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, - ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазасы көзделген. Егерде осындай әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталалап жасалған жағдайда 10 тәулік дейінгі мерзімге әкімшлік қамаққа алуға әкеп соғады.

         Қазірге кезде отбасы ішіндегі дау құқық бұзушымен алкогольдік масаң күйде жасалуы салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірумен аяқталған кездері де аз емес. ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға қатысты, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау – ескерту жасауға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Мұндай әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде  қайталалап жасалған жағдайда 20 тәулік дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа  алуға әкеп соғады. Егер орташа немесе ауыр қасақана денсаулыққа зиян келтірсе, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің нормаларына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

         Осыған орай, отбасының әр бір мүшесі өзінің үй ішіндегі болып жатқан жайында құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлап, құқық бұзушыға заңды шара қолданылса, мұндай жағдайлардың болашақта қайталанбауы үшін алдын алу жолы болары анық. 

А.Т.Мендалиев 

Жаңақала аудандық соттар әкімшісінің

бас маманы- сот отырысының хатшысы        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив