Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттер

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттер

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық барысында жасалатын құқық бұзушылықтардық алдын алу мәселелері әрқашан өзекті әлеуметтік проблемалар қатарында болады.         

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастарға, ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар жатады.  

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалған құқық бұзушылыққа кінәлі адамдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен ескерту жасау немесе 5 тәулікке дейінгі қамаққа алу түріндегі жауапкершілігі көзделіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы әрекеттер – 10 тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.   

Сотта қаралған істерді талдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері болып, тұрмыстық алауыздық, материалдық жағдайдын болмауы, қызғаныш, сонымен қатар бұрынғы ерлі-зайыптылардың және басқа адамдардың амалсыз бірге тұруы, олардың арасында бұрыннан жағымсыз қарым қатынастың орын алуын көрсетті. Көбіне құқық бұзушылықтар кешкілікте және түнгі уақытта жасалады. Көп жағдайларда дау спиртті ішімдіктерді қиянат етудің салдарынан және қылмыстық статистика көрсеткендей, бұндай даулар денсаулыққа зиян келтірумен аяқталған кездері де аз емес.             

Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сотпен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіненуі мүмкін. Ерекше талаптар мерзімі аралығында құқық бұзушының жүріс-тұрысына профилактикалық әңгіме жүргізу үшін, ішкі істер органына айына 1-ден 4-ке дейін келіп тұру міндеті жүктелуі мүмкін.        

Сонымен қатар заңнамамен «қорғау нұсқамасы» түріндегі нормасы көзделіп, ол отбасы мүшелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке бірталай тартылған азаматқа шығарылады. «Қорғау нұсқамасын» шығаруда құқықбұзушыға тұрмыста зорлық-зомбылықтан жәбірленген ортақ тұратын жерді уақытша босатуын және ортақ меншікпен иелік етуіне тиым салуды міндеттеуге болады.     

Әдеттегі отбасы-тұрмыстық жанжал ауыр салдарға алып келуі мүмкіндігін ескеріп, адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда ымыраға келмеуіне дағдыландыру қажет. Көбіне әйел, бала, кәрі адам әртүрлі себептерге байланысты көмекке жүгіне алмайды. Өз туыстарының отбасыларында, таныстарында, көршілерінде отбасы-тұрмыстық жанжалдар туындап, соның барысында күш қолданылатының білетін әр адам, аса ауыр қылмысты және құқық бұзушылықты жасауға жол бермеу мақсатында, уақытылы профилактикалық шараларды жүзеге асыру үшін, ішкі істер органдарына жүгіну қажеттігін түсінген жөн.

Осыған орай, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтардын профилактикасын күшейту, тұрмыстық қылмыс фактілерінің дәрежесін түсіру және оларды жою үшін, уәкілетті органдар бірігіп, сонымен қатар барлық қоғамның да күш біріктіруі маңызды екенін ескеру қажет.

 

Мұғалжар аудандық сотының

судьясы Р.Б.Кустанов      

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив