Электрондық үкімет

Электрондық үкімет

 Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуымен азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті болу үшін электронды үкімет құрылды. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама,куәлік,рұқсат құжаттарын және тағы басқа да қызметтер жеңілдетуге және жылдамдатуға мүмкіндік беру үшін жасақталған бағдарлама. Қазақстан Республикасында электрондық сот төрелігі «Сот кабинеті», «Талдау» форумы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы соттарының автоматтандырылған жүйесі сияқты бірқатар инновациялық сервистері, сонымен қатар республика соттары арасындағы бейнеконференцбайланыс жүйесі болып табылады. «Сот кабинеті» сервисі 2014 жылы іске қосылды. Сервис арқылы сот органдарына түрлі электронды арыздар, шағымдар, түрлі өтініштер жіберуге болады. Шағымдарды Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жолдауға болады. Жоғарғы Сот Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесіп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ұйымдастырды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан азаматтар «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа өз бетінше, кезек күтпестен талап арыз, шағым, өтінішхат бере алады. Бұл бұрышты пайдаланудың мақсатты аудиториясы электронды шағымдар мен құжаттарды тапсыру үшін Интернетке қол жеткізе алмайтын адамдар болып табылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген кезде азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алады. Өз кезегінде ХҚО-ның жауапты қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету аясында азаматтарға «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды өтініш беру кезінде консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мұндай бұрыштардың ашылуы сот құжаттарын беру механизмін жеңілдетеді, тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдейді, бюрократиялық кедергілерді алып тастайды, сот жүйесі қызметкерлері мен азаматтар арасындағы байланысты азайтады, сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал етеді. Талдау форумын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ресми интернет-ресурсында да іске қосты, ол істер мен материалдар санаттарының бірыңғай жіктеуішінің негізінде қалыптастырылады және мыналарды қамтиды: - сот тәжірибесін жалпылау; - істер санаттарының бірыңғай классификаторы; - сот актілерінің банкі; - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары. Бұл сервис барлық санаттағы істер бойынша сот тәжірибесіне жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның бірден-бір шарты – «Сот кабинеті» сервисіне тіркелу, яғни кез келген адам өз дауы бойынша кеңес алу үшін адвокатқа жүгінбей-ақ, компьютерде отырып, қызығушылық санаттары бойынша шешімдерді, жалпылама мәліметтерді оқи алады. Сот жүйесінің «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесі автоматтандырылған есепке алуды және процессуалдық мерзімдердің сақталуын бақылауды енгізуге, статистикалық және талдамалық есептерді жасауға, іс жүргізуді және сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған, сонымен қатар «Сот кабинеті», аудио-бейне жазба, кадр жүйесі сервистерін, сот құжаттарының электрондық мұрағаты, ішкі порталы және сот процесіне қатысушыларды SMS хабарламалар мен электронды пошта арқылы хабардар ету жүйелерді, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қажетті ақпараттық база біріктіру жүйесімен, мемлекеттік баж төлеу базасымен, сот актілерін орындау жүйелерімен қамтиды. Осылайша, электронды үкімет – мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің, ақпараттық технологиялардың көмегімен олардың жүйелілігін қамтамасыз ететін біртұтас механизм

Жанна-Мари Вебер

Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы                                                                                             

Батыс Қазақстан облысы

.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив