Цифырлы формат жедел әрі ашық

Цифырлы формат жедел әрі ашық

Электрондық технология көмегімен халық тұтынатын қызметтерді барынша тиімді, қолжетімді, жедел ету басты міндеттердің біріне айналғаны белгілі. Жедел ақпарат алмасудың ХХІ ғасырда сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылуда. Сот жүйесін цифрландыру бойынша республика соттарымен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Сот ісін жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа деген сенімін нығайта түскенін бірқатар тың жобалардың іске асырылуы  арқылы белгілі. Еліміздің барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейне-конференция байланысы секілді ақпараттық технологиялардың енгізілуі сот жүйесі қызметінің тиімділігін арттырады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында «Сот кабинеті» модулі арқылы жеке және заңды тұлғалар және олардың заңды өкілдері соттарға электрондық нысандарды толтыру арқылы құжаттарын жолдау мүмкіндігіне ие болып отыр. Сот органдарымен хат алмасу жеке және заңды тұлғалармен қатар мемлекеттік емес ұйымдарға да қолжетімді болды.

«Сот кабинеті» сервисін пайдалану үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық колтаңбасын алып, тіркелу қажет. «Сот кабинеті» сервисі келесі бөлімдерге бөлінген: өтініш беру, сот органдарына хатты жіберу, сот ісін жүргізу (талап арызды(арызды), апелляциялық/кассациялық шағымды, өтінішхатты, сот отырысы хаттамасына ескертпе, қарсы талап, пікір және т.б. беру), сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу, сот ісін іздеу, «талдау форумы – сот практикасын қорыту деп аталатын бөлімдерден тұрады.

Интернет сервистің ерекшілігі азаматтардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, интернет желісі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен сотқа талап арыздар, өтініштер мен шағымдарын электронды түрде жолдай алады. Бүгінде арыз-шағымдардың басым бөлігі осы бірегей сервис арқылы қабылданып, компьютердің көмегімен судьяларға автоматты түрде бөлінеді. Жоғарғы Соттың ресми сайтында арыз, шағымдардың үлгілері көрсетілгендіктен, азаматтарға да қашықтықта отырып жұмыс істеген ыңғайлы.

Сот жүйесіндегі электронды қызмет түрлерінің тағы бір тиімді жобаларының қатарында сот практикасының қорытулары мен сот актілері дерекқорын, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын пайдалануға мүмкіндік беретін «Талдау» форумын, «Сотқа шақырту қағазы», «Сот құжаттарымен танысу», «Хабарлама бойынша сот құжаттарын көру» сервистерін атап өтуге болады. Сонымен қатар, «Сот актілерінің банкі» атты кеңейтілген сервис іске қосылды. Бұл сервис арқылы заңды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін іздеуге болады. Қоры айтқанда, цифрлық формат ең алдымен адам құқығының қорғалуын күшейтеді.

 

Рысқалиева А.

Жаңақала аудандық соты кеңсесінің бас маманы

Батыс Қазақстан облысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив