Құқықтық тәрбие - әскери тәртіптің негізі

Құқықтық тәрбие - әскери тәртіптің негізі

Сот - құқық қорғау және арнайы органдар арасындағы айрықша білім, өйткені, оған ғана Конституциямен сеніп тапсырылған және тек ол ғана Қазақстан Республикасының атынан сот төрелігін жүзеге асырады. Бір сөзбен айтқанда, сот жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар арасында туындаған азаматтық-құқықтық дауларды шешеді және қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті, әкімшілік құқық бұзушылықты жаза тағайындай отырып, оны жасаған азаматтардың кінәлілігін айқындайды.

Сот төрелігін іске асыра отырып, сот өзіне заңмен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес әскери қызметшілер арасында құқықтық тәрбие жұмысын жүргізеді.

Әскери соттар Қазақстан Республикасындағы сот органдарының құрамдас бөлігі бола отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда сот төрелігін іске асыру жөніндегі айрықша міндеттерді шеше отырып, жеке құрам арасында тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыспен айналысатын олардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Гарнизондардағы әскери соттардың әскери қызметшілер арасындағы қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алудағы құралдарының бірі, сөзсіз, әскери судьялардың әскери бөлімшелердің жеке құрамымен олармен құқықтық тақырыптар бойынша дәрістер мен әңгімелер өткізу мақсатында кездесуі болып табылады. Бұл іс-шаралар негізінен әскери қызметшілерді тәрбиелеуге, оларды заңға деген құрмет сезімін оятуға, қоғамда белгіленген құқықтық тәртіпті сақтауға шақыруға бағытталған.

Судьялардың қолданыстағы заңнаманы түсіндіруі, өз кезегінде әскери қызметшілердің күнделікті өмірде туындаған көптеген мәселелерін шешіп, оларға құқықтық салада дұрыс бағыт бағдар береді. Бұл ретте әскери қызметшілердің құқықтық хабардарлығы белгілі бір дәрежеде олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді және ықтимал салдарлар туралы білу, өз кезегінде  әскери жарғылардың талаптарын бұзудан сақтандыратын болады.

Сот отырыстарында белгіленген теріс фактілер бойынша шығарылған әскери соттың жеке қаулылары мен ұйғарымдары әскери лауазымды адамдардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде жол берген бұзушылықтарын жоюда маңызды рөл атқарады. Әскери соттың судьялары қандай да бір құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды, сондай-ақ қолбасшылық жұмысында өрескел кемшіліктерді аша отырып, әскери қызмет өткеру тәртібін сақтауға, әскерлердің қорғаныс қабілеттілігі мен жауынгерлік дайындығын нығайтуға елеулі түрде өз үлесін қосады.

Азаматтық-құқықтық дауларды (еңбек, тұрғын үй, зейнетақы және т.б.) шеше отырып, гарнизонның әскери соты әскери қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді, осылайша әскери ұжымдардағы әлеуметтік шиеленісті басады, олардың әділдікке деген сенімін ұялатады.

Әскердегі «әскери жарғылар» құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуде, жауынгердің әскери антымен өз борышын орындауда, жауынгерлік әзірлігін, жауапкершілік сезімін қамтитын тәрбиелік маңызы зор деуге болады. Себебі, қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес әрбір командирдің, тәрбие жұмысы бойынша оның орынбасарының, бөлімше командирлерінің барлық ұйымдастырушылық, шаруашылық, мәдени қызметінің деңгейімен байланысты болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудағы басты жұмыстардың бірі, адамды уақытында тоқтата білу, яғни қатесін тереңдетпеу, бақылауға алу, оған талап қою мен көңіл бөлу сияқты шараларды қолданғанда, әрбір әскери қызметшінің санасында заңның талаптарын қатаң сақтау әр қайсысының жеке арына, борышына айналуы ықтимал. 

Ақтөбе гарнизоны әскери

соты әкімшісінің бас маманы

Қ.Қувандикова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Sjiebq 1 декабря 2023 21:39

    duodenitis treatment mayo clinic <a href="https://aheartop.com/">treatment for hypertensive crisis medication</a> uti treatment without insurance

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив