Әскери қызметшілердің ҚР ҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бақылауы және сақтауы туралы

Әскери қызметшілердің ҚР ҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бақылауы және сақтауы туралы

 

ШҚО әскери бөлімдерінде бағынысты әскери бөлімдердің командирлерімен әскери қызметшінің этикасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл туралы ANTIKOR.LIVE жобасы аясындағы тікелей эфир барысында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Арынғали Ақышев айтты.

Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыру, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы мақсатында, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияларының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығының талаптарына сәйкес Семей өңірлік, Өскемен, Аягөз және Үшарал гарнизондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиялары құрылған.

Бүгінгі таңда әскери бөлімдердің қолбасшылығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әскери қызметшілердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуіне тестілеу белсенді түрде жүргізілуде (ҚР ҚМ 2017 жылғы 16 ақпандағы № 62бұйрығымен бекітілген). Тестілеу әскери қызметшілердің барлық санаттарымен тоқсанына бір рет өткізіледі.

Сондай-ақ, бақылау – өткізу пункттерінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, бас қолбасшының орынбасары-ҚР ҚК ӘҚ Бас қолбасшысы басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасының бастығы, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшылығының, гарнизондардың әскери құқық қорғау органдарының Сенім телефондары ілінген.

Әскери бөлімдерде, қоймаларда және сақтау базаларында түгендеу және тексеру, техниканың, қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен әскери жарақтардың нақты болуы, бөлімдердің Қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру тұрақты негізде жүргізіледі.

Лауазымды адамдардың қызмет бабын теріс пайдалану және басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерін анықтау тұрғысынан әскери қызметшілердің барлық санаттарымен жасырын сауалнама жүргізіледі.

Қазіргі уақытта басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген.

Мемлекеттік қызметшілер тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауаптылыққа тартылады. Сонымен қатар, басшының ұжымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндетін жүйелі түрде елемегені үшін жауапкершілігі қарастырылған.

Өз сөзінің соңында Арынғали Құрманғалиұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Wwwbpc 2 сентября 2023 13:18

    order generic prasugrel 10 mg <a href="https://thoramine.shop/">order dramamine 50mg online</a> order tolterodine without prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив