СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алып жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып жатқанын айтты. Әсіресе мұндай қылмыстардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанына назар аударды.

            Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйым басшыларына жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-әрекет жасау жауаптылығы белгіленді. Ендігі жерде өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әрбір басшы тиісті органдарға, лауазымды адамдарға дер кезінде хабарлауға міндетті. Егерде, осы міндетін орындамаса, заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады.

            Осындай келеңсіз құбылыстармен жүйелі күрес жүргізу – тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық азаматтардың парызы. Мұндай ауыр кеселді мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен және бүкіл ел, қоғам болып қолға алу арқылы тоқтатуға болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқаруына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстың алдын-алуға бағытталып отыр.  

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы, ең алдымен, мемлекеттің атына, сонымен бірге, сот пен барлық құқық қорғау органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықтың ең кең таралған түрі – пара алу және пара беру. Мұндай қылмыстарға барғандарға заң бойынша берілетін жаза қатаң.

Егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, адамның бірінші рет сыйлық түрінде мүлікті, мүлікке құқықты немесе өзге де мүліктік пайданы алу бұрын жасалған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік немесе әкімшілік тәртіппен қудалануы мүмкін.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық әрекеттер бойынша сотталған мемлекеттік қызметкер барлық шендері мен мемлекеттік марапатынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынады. Осы ретте шартты жаза тағайындалмайды, алынған параға қылмыстық жаза ретінде еселенген айыппұл белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жастардың тәрбиесіне сіңіру қажет. Жоғарыда аталған ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 9-бабына сай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет екені нақтыланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру білім беру ақпарат және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асырылуға тиіс. 

Калакова Бибинур

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

жетекші маманы

                                                                                  

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив